Атырау-Индер тасжолында 2 адам жол апатынан көз жұмды

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

3 қыркүйек күні облыстық маңызы бар Атырау-Индер тасжолының 18-шақырымы тұсында 1998 жылы туған Toyota автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, жол жиегіне аударылды. Салдарынан 25 жастағы жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушысы алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Жүргізушіге оқиға болар алдында тасжолдың 17-шақырымы тұсында полиция қызметкерлері ескертпе жасаған екен.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ