Атырау-Индер тасжолы ашылды

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірде жол құрылысын қайта жаңғырту мақсатында «Атырау-Индер» тас жолының бір жақ бөлігі ашылды.

Жолдың ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Атап айтсақ, жол жөндеу жұмыстары «Атырау-Доссор» тас жолынан Томарлы елді мекеніне  дейінгі аралықты қамтыды.

Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Сондықтан туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.