Atyrau Hub алаңында IT саласындағы мансапқа арналған Speaker Talk кездесуі өтті

Atyrau Hub алаңында «2026 жылы IT саласында Project Manager ретінде мансапты қалай бастауға болады» тақырыбында Speaker Talk форматындағы кездесу өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Іс-шараның спикері — Senior Project Manager Диляра Туленова. Ол ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби тәжірибесімен және практикалық инсайттарымен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушылар project management саласындағы мансапты неден бастау керектігін, IT саласында бүгінде қандай дағдылар аса сұранысқа ие екенін, сондай-ақ жұмысқа орналасу және қашықтан жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыру жолдарын білді. Спикердің нақты тәжірибесінен алынған кейстер қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, мамандықтың ерекшеліктері мен ықтимал мансаптық бағыттарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында қатысушыларға алған білімдерін бекіту мақсатында тест ұсынылды. Сонымен қатар, сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Аталған кездесу қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, IT және жобаларды басқару саласында мансапты дамытуға деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсетті.