«Атырау» футбол клубының ойыншылары жанкүйерлерімен кездесті (Фото)

Футболшылар 25-наурыз күні «Мұнайшы» стадионында атыраулықтамен кездесіп, команда мүшелерімен таныстырды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Арнайы ұйымдастырылған шара барысында «Атырау» футбол командасының жейдесі ойнатылды, ойыншылармен фотосессия жасалды және негізгі құрам арасында жолдастық ойын ойнатылды.
Сонымен қатар, кездесуге келгендерге ыстық шай, бауырсақ пен Наруыз көже ұсынылды.
Футболшылармен кездесу үшін спорттық ойынның осы түрі дегенде ішкен асын жерге қоятыын нағыз жанкүйерлер жиналды. Олардың арасында жас балалардың қарасы көп.
Кездесуге келгендер көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА