«Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат Айтқалиев мәлімдеді», - деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.
Атырау
қаласынан Құрманғазы ауданының Д.Нұрпейісова ауылы аралығына қатынайтын
пойыз биыл 17 тамыздан бастап жүре бастаған болатын. Осы жылдың 7
қарашасынан бастап Құрманғазы, Исатай ауданы тұрғындарының сұранысына
орай пойыздың жүру уақыты өзгеріп отыр. Нақтылай айтсақ, жергілікті
уақытпен Атырау қаласынан 18:10-да шығып, Д.Нұрпейсова бекетіне 00:36-да
келеді. Кері қайту уақыты Д.Нұрпейсова бекетінен 01:16-да шығып, Атырау
қаласына таңғы 07:39-да келеді.
«Құрманғазы, Исатай аудандарының тұрғындары облыс орталығына қандай да
бір шаруаларымен келеді. Оларға күндізгі уақыт қолайлырақ. Сондықтан,
жолаушылардың ұсыныстарын ескеріп, «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен келісе
отырып, пойыздың жүру уақыты өзгертілді»,-деді басқарма басшысы.
Спикер билет құнында өзгеріс жоғын жеткізді.
Айта кету керек, аталған бағыттағы пойызда жалпы 208 адамға арналған 4
плацкарт вагон бар. Санитарлық нормаларға сай, жалпы вагон
қарастырылмаған.