-«Атырау-Дина Нұрпейісова» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызына 52 орыннан тұратын қосымша екі плацкарт вагоны жалғанды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін аймақ тұрғындары жолаушылар пойызындағы вагон санын көбейту туралы бастама көтерген еді. Нәтижесінде жаңа құрам 1 шілдеден бастап жолға шығады. Айта кетерлігі, вагондарда жолаушылардың қолайлығы үшін салқындатқыш та қосылған.
-Бүгінде билеттер жасақталып, сатып алу сайттарына енгізілді. Қоғамның осал топ өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, олар кассадағы ұзын-сонар кезекке тұрмас үшін терминалдар орнатылды. Аталған топ өкілдері билеттерді 50% жеңілдікпен сатып ала алады,-деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Балмұханов.
Бөлім басшысы алдағы уақытта тұрғындардың сұранысына байланысты қосымша вагондар қосу мүмкіндігі бар екенін де жеткізді.