16 «Сәуір», 2022 1207

Атырау журналистикасының ардагері дүниеден өтті

 Атырау журналистикасының ардагері дүниеден өтті

Атырау журналистикасының ардагері Өтеген Нәукиев дүниеден озды. Өтеген Аманшаұлы Нәукиев ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқан қаламы қарымды, ұйымдастырушылық қабілетке ие майталман журналистердің  бірі болатын. Ол «Атырау-Ақпарат» ЖШС құрылғаннан зейнеткерлікке шыққанға дейін  медиахолдингтің бас директорының орынбасары қызметін абыроймен атқарды. Соңғы жылдары республикалық «Ана тілі»  газетінің меншікті тілшісі болды. 
Оның жарқын бейнесі әріптестерінің жадында мәңгі сақталады.