Атырауда қамыс арасынан браконьерлер жасырған 101,6 кел бекіре балығы табылды, деп хабарлайды AtyrauPress.
«Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу кезінде Жамбыл ауылы маңында рейдтік іс-шаралар өткізіп, Жайық өзені қамыс аймағында жалпы салмағы 101,6 келіні құрайтын 4 қап бекіре тұқымдас балығы табылды», - деп жазылған ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің сайтында.
Аталған жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігінің белгілері бойынша СДТБТ-да тіркелген, құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.
Балық ресурстарына келтірілген залал алдын ала есеп бойынша 105 млн 156 000 теңге.
Балық қорғау мақсатында рейдтік шаралар жалғасып жатыр.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА