Атырау автосалондарының бірінен өрт шықты

Екінші қазан күні түнгі сағат 3:17 минутта Әбілхайыр хан данғылы бойында орналасқан Toyota автосалонында өрт шықты, деп хабарлайды AtyrauPress.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшесі жеткен кезде ғимараттың 150 шаршы метр төбе жабындысы отқа оранған. Ал автосалонның жалпы аумағы – 1660 шаршы метр.  

«Өрт 5 сағатта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Жалынның шығу себептері анықталып жатыр. Автосалон ішінде тұрған жаңа 10 автокөлік және қызметтік  техникалар  ғимараттан шығарылды», - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс  тобы.

Өртті сөндіруге Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті мен   мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерден барлығы 42 адам мен 11 бірлік техника жұмылдырылды. 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА