Атырау аумағында түтін шығуына байланысты барлау жұмыстары басталды

Атырау қаласының аумаған тараған түтін себебін анықтау мақсатында, әуеден барлау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жеткізді.

  "31 қаңтарда Атырау қаласының аумағында түтін иісінің шығуына байланысты, өрт ошақтарын анықтау мақсатында, әуеден барлау жұмыстарын жүргізу үшін "Казавиақұтқару" АҚ МИ-874 тікұшағы жұмылдырылды.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған комиссия мүшелері аэровизуалды зерделеу жұмыстарын жүргізуде" делінген хабарламада.