Атырау аумағында «Есеп» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Есеп» жедел алдын алу іс-шарасы 12-17 қыркүйек арасын қамтып отыр. Басты мақсат - қылмысқа бейім тұлғалардың рецидивтік, алкогольдік, орын алуы мүмкін құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстың таралуына жол бермеу.


- Профилактикалық іс-шараның өтіп жатқан үш күн ішінде тұрмыстық қатынаста құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 77 тұлғаға «Қорғау ұйғарымы» шығарылды. Сондай-ақ 20 тұлғаға мінез-құлықтарына байланысты сотпен ерекше талаптар қойылды және 4 тұлға «Жайсыз отбасы» есебіне тіркелсе, 4 жасөспірім ішкі істер органына профилактикалық есебіне алынды. Оған қоса сот қаулысымен 3 тұлға алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлықтан еріксіз түрде емдеу мекемесіне жабылды, деді Н.Оразбаев.


Сонымен қатар оның сөзінше 16 тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  461, 669 және 480 бабтарымен әкімшілік хаттама толтырылған. Жинақталған іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жолданған.