"Атырау-Астрахан" тасжолының бір бөлігі пайдалануға берілмек

"Атырау-Астрахан" күре жолының Құрманғазы ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі учаскесі пайдалануға беріледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Қазавтожол" мекемесінен білгеніміздей, бұл жолдың жалпы ұзындығы 277 шақырым, оның 235 шақырымына жаңа асфальт төселген. Мамандар Құрманғазы ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жол аралығын пайдалануға беруге дайындап жатыр.

Қазіргі уақытта Атырау қаласынан Нарын ауылына дейін және Исатай ауылынан Құрманғазы ауылына дейін қозғалыс ашық.

Сонымен бірге жолшылар 13 көпірдің 10-да құрылыс жұмыстарын толық аяқтады. Қалған 42 шақырым жолда тәулік бойы құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: "Қазавтожол"