Атырау-Астрахан тасжолында жылдамдық режимі өзгерді
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Құрметті жол қозғалысына қатысушылардың назарына! Республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 778-833 шақырым аралығында қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуына байланысты 7 қарашадан бастап аталған аралықта сағатына 100 шақырым жол белгісіне шектеу қойылатынын хабарлаймыз. Осы ретте, жол жүрісі қатысушыларына жол сапарға шығып, көлік құралын басқару кезінде жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз!" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ