"Тасжолда сақ болыңыз" деген ескерту алған жүргізуші қарсы бағыттағы көлік құралына соқтығысып, жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
26 қазан күні сағат 12:40 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 794 шақырымы тұсында 1979 жылы туған азаматтың басқаруындағы «УАЗ» автокөлігі қарсы бағыттағы маркасы «DAF XF» автокөлігіне соғысып, жол-көлік оқиғасы орын алған. Нәтижесінде «УАЗ» автокөлігінің 1980 жылы туған жолаушысы түрлі дене жарақаты салдарынан қаза тапты. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Сондай-ақ, «УАЗ» автокөлігінің жүгізушісіне облыстық полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін ескерткен. Алайда көлік жүргізушісі жасалған ескертулерге қарамастан жол апатының орын алуына себепші болғаны анықталды.
Осы ретте, барлық жол қозғалысына қатысуышлар назарына жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ