Атырау-Астрахан тасжолында қайғылы жағдай орын алды... (+ВИДЕО)

Жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

27 сәуір күні сағат 18:00 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 521-шақырымы тұсында Lada Kalina автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып, Mitsubishi көлігіне соқтығыс жасаған. Салдарынан Lada Kalina жүргізушісі мен жолаушысы Доссор аудандық ауруханасына жеткізілді. Өкінішке қарай, жолаушы ауруханада қаза тапты.

Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ