Атырау-Астрахан тасжолында қайғылы жағдай орын алды...

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"20 қараша күні сағат 05:30 шамасында Актөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 480-шақырымы тұсында маркасы Subaru Legacy автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, жолдан шығып, аударылған. Оқиға салдарынан автокөліктің 46 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарын алып, оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ