Атырау-Астрахан тасжолын су шайып кетті (+ВИДЕО)

Желіде жаңбырдан кейін тасжол жиегінде пайда болған шұңқыр туралы бейнежазба тарады. Осыған орай, AtyrauPress тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалына хабарласты.

— Қазір республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахан» автомобиль жолының 853-893 шақырым аралығында қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатқанын қаперіңізге береміз. Мердігер мекеме - «Сине Мидас» ЖШС. Бірнеше күн толассыз жауған жаңбырдан тасжолдың жиектері суға шайылып, бейнежазбада көрсетілген  156 шақырым жолдың жиегінде шұңқыр пайда болды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, - делінген ресми жауапта. 

Сонымен қатар, тапсырыс берушіден мердігер мекемеге қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма беріліпті. Мамандар барлық техника мен  материал жеткілікті екенін айтады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ