Бүгін Мәжіліс депутаттары Үкімет сағатын қазақстандық автомобиль жолдарының жай-күйіне арнады. Онда негізгі баяндамашы ретінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев сөз сөйледі.
Талқылау барысында бірнеше мәселе көтерілді. Ең алдымен, министрліктің Атырау-Астрахань автожолының құрылыс және пайдалануға беру кезеңдерін бақылауына қатысты. Өздеріңіз білетіндей, департамент ағымдағы жылдың соңына дейін бұл жолдағы көлік қозғалысын толығымен ашуды жоспарлаған болатын. Ал Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, министрлік өкілдері тұрақты түрде салынып жатқан жол учаскелерін аралап, құрылысшылармен кездесіп тұрады. Келесі кездесу қараша айының соңына жоспарланған. Алайда, ертерек уәде етілгенімен, жыл соңына дейін жол толық ашылмайды.
Халық қалаулылары құрылыстың аяқталмай жатқанына, жалпы оның қарқынына алаңдаушылық білдірді. Олар бұл мәселенің шешімін парламенттік бақылауда ұстауға уәде берді.