Атырау-Астрахан тас жолы уақытша жабылды

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

“7 ақпан күні сағат 15:00-ден бастап қолайсыз ауа райына байланысты Атырау-Астрахан тасжолы уақытша жабылды. Қосымша ақпарат айтылады” делінген хабарламада. Сонымен қатар облыс аумағында қалың қар жаууына орай барлық көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі.