Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті хабарлайды.
15 қазан күні Атырау-Ақтөбе тас жолының 556 км тұсында жүргізуші иесінің маркасы Chevrolet cobalt жеңіл автокөлігін тізгіндей алмау салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алды.
Тексеру барысында жеңіл автокөлік ішінде өзге ұлт өкілдері, яғни, Өзбекстан Республикасының 3 азаматы болғаны анықталды. Елімізде жылдамдық режимін асыру – жолдарда адам өлімімен болатын оқиғаға әкелетін негізгі себептердің бірі.
Сол себепті аталмыш жағдайлардың алдын алуда жүргізушілер назарына Республикалық маңызы бар тас жолдарда жол ережелерін қатаң сақтай отырып, жылдамдықты белгіленген межеден асырмау керектігі ескертіледі.