Atyrau Aqparat футбол командасы Тараздан жеңіспен оралды

Atyrau Aqparat футбол командасы Тараз қаласында "Қала күні" мерекесіне орай БАҚ өкілдері арасында өткен «Taraz Cup 2022» қалалық ашық турнирден екінші орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress.

 25-26 қыркүйек күндері Тараз қаласы әкімдігі мен Жамбыл облысы футбол федерациясының ұйымдастыруымен «Жастар» стадионында өткен турнирде Kazmedia Voltman жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынға  Atyrau Aqparat  командасы ие болса, ал Алматы құрамасы үшінші орыннан көрінді.

Сондай-ақ, үздік қақпашы номинациясын  Atyrau Aqparat командасының ойыншысы  Нұрислам Ғұмар жеңіп алды. Бұдан бөлек, үздік ойыншы - Құмарбек Азат (Kazmedia Voltman), үздік қорғаушы - Дәурен Берікқажы (Экспресс К), үздік шабуылшы - Әділбек Жақанов (Ақмешіт), үздік сұрмерген болып Нарын Қалиев (Алматы құрамасы) танылды.

Турнир жүлде қорынан  І орынға 1 000 000 теңге, ІІ орынға 500 000 теңге, ІІІ орынға 300 000 теңге үлестірілді. Ал номинация жеңімпаздарына 50 мың теңгеден табысталды.

Шағын футболдан өткен ашық турнирде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 12 команда бақ сынады.

Айта кетейік, осындай  іс-шаралар бұқаралық ақпарат қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен жүйелі түрде шұғылдануға және достық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.