«Атырау – Ақпарат» медиа холдингінің «Дұрыс жүр» атты жаңа жобасы жұмысын бастады, деп хабарлайды ATPress.kz.
Қала ішінде жол ережелерін білмеу немесе мән бермеу салдарынан әртүрлі жол-көлік оқиғалары орын алып жатады. Жаңа жобаның мақсаты – жол апатының алдын алу үшін арнайы мамандар кеңесіне жүгіну.
«Кейбіріміз мән бере бермейтін жайттар орны толмас өкінішке ұрындыруы мүмкін. Жол ережесін білмеу кемі жолда кептеліс жасап, көпті жолынан бөгейді. Сондықтан, әр жүргізуші қырағы және ұқыпты болуы тиіс» дейді жобаның алғашқы қонағы Атырау қалалық полиция басқармасының кезекші инспекторы, полиция капитаны Нұрлан Нұрғалиев.