Атыраудан Алматыға бет алған «Тальго» жүрдек пойызындағы жолаушыларды неліктен Ақтөбе облысының Шалқар стансасында түсіргенін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі түсіндіріп берді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
– №41 "Атырау-Алматы-2" пойызы 28 қазан күні техникалық вагондағы қондырғының істен шығуы себепті Шалқар стансасына қайтарылды. Жолаушыларға теміржол бекетінде тегін ыстық тамақ берілді. Пойыздағы техникалық ақауды ретке келтіру жұмыстарына компания мамандары жұмылдырылды. Жолаушыларға 8 вагоннан тұратын арнайы құрам жеткізілді, - делінген ресми хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ