Атырау әкімдігі саудагерлермен 110 меморандум жасаған

Атырауда кәсіпкерлік өнімінің көлемі 3 триллионға жуық теңгені құрады.
- Жыл сайын қала әкімдігі базар және супермаркет басшылары, жергілікті шаруа қожалықтары, наубайхана басшылары және көтерме тасымалдаушылармен сауда қызметін дамыту бойынша өзара екі жақты 110 меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар жергілікті тауар өндірушілер мен ірі көтерме тасымалдаушылардың қатысуымен «Аламан» және «Сарайшық» базарында апта сайын жәрмеңкелер ұйымдастырылып келеді,- деді М.Қалауи.