Атырау қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің шатыры мен қасбетіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыс орталығының сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп тұрған Н.Неверева көшесіндегі ескі үйлердің сырты жаңартылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.
- 36 және 37-ші нөмірлі үйлер 1980 жылы бой көтерген. Қазір үйдің сыртын термотилден және композиттік серпімді панельмен қапту жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ шатырын жаңартамыз. Құрылыс жұмысын «Атырау Строй стандарт» ЖШС жүргізуде. Күделі жөндеуді жыл соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз, - деді участке басшысы Батырбек Қойшанов.