Биыл 2,3 шақырымға созылатын Сәтбаев даңғылын көлемді жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті.
«Орталық көшеде күрделі жөндеу жұмыстары он жылдан бері жүргізілмеген. Бұл өте ірі даңғыл және мұнда қозғалыс көп болғандықтан оны көлік пен жаяу жүргіншілерге өте ыңғайлы етуді ойластырып отырмыз. Сырт келбеті де келісті болғаны жөн-ақ. Жаңғырту жұмыстарына жол кеңейту, бордюр мен тротуар ауыстыру, жасыл желек отырғызу секілді жұмыстар кіреді» дейді ол.
Біз бұған дейін де құрылыс жобалаумен айналысатын «ENVICON-A» ЖШС-мен меморандум жасалып, Сәтбаев көшесін қайта құру жобасы дайындалғаны жөнінде жазған болатынбыз.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ