Облыстың үш жылдық бюджет жобасында арнаулы түсімдер нақтыланды, деп хабарлайды AtyrauPress.
2026 жылы арнаулы түсімдер 26,3 млрд теңге болады деп жоспарланған. Бұл облыс кірісінің 2,3%-ын құрайды.
2027 жылы үлесі - 2,4%, 2028 жылы - 2,5%.
Айгүл Әжіғалиева арнаулы түсімдердің өңірдің қаржылық тұрақтылығына маңызды екенін атап өтті.
«Арнаулы түсімдер - бюджет жүйесінің тұрақты бөлігі. Оның ішінде айыппұлдар, әкімшілік төлемдер, мемлекеттік қызметтер үшін алынатын алымдар және басқа да түсімдер бар. Бұл қаражат облыстың ішкі қажеттіліктерін өтеуге жұмсалады»,- деді ол.
Серикбол Панабердиев