Атырау қаласындағы Махамбет-Исатай алаңында «Атырау – бақытты балалар мекені» атты ауқымды мерекелік шара басталды, деп хабарлайды "Атырау" газетінің тілшісі.
“Балалар жылы” мен қала күні мерекесіне арналған концертке жиналушылардың легі өте көп.
– Бұл шараның мақсаты – атыраулық балалардың басын қосып, олардың өнерін паш ету, – деді Құрманғазы мәдениет үйінің директоры Мақсот Торпақов.
Алаңда қаладағы беткеұстар өнер студиялары мен мектептердің оқушылары қала қонақтарына ән-биден шашу шашты. Алаңдағы көгалда балалар арасында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып жатыр. Жеңімпаз балалар арнайы медальдармен марапатталады.
Салтанат Сансызбай