«Атырау – Астрахан» пойызы жолға шығады

20 сәуірден бастап «Атырау-Астрахан» пойызы жүре бастайды, деп хабарлайды ATPress.kz "Қазақстан темір жолы" акционерлік қоғамына сілтеме жасап.
ҚТЖ Қазақстанға кіру үшін вакцинацияланбаған жолаушыларға коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы 72 сағат бұрын берілген анықтама қажет екенін еске салды. Ал,егер екінші вакцинаның соңғы дозасын алғаныңызға алты ай болмаса немесе вакцинацияның сонда-ақ, ревакцинацияның толық курсынан өткеніңіз туралы паспортыңыз болған кезде анықтама талап етілмейді.