Бұл Орталық Азия үшін бірегей оқу орны болмақ. Қазақстандық балалар Германия мен Еуропа білім кеңістігіне жол ашады.
Бұл туралы "Возрождение" қоғамдық бірлестігі кеңес төрағасы Евгений Больгерт Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында айтты.
"Біздің жастар бүгінде көптеген жаңа мүмкінідктермен бетпе-бет кездесуде. Бұл - сандық дәуірдің дамуы, жасанды интеллекттің дамуы. Сондықтан білім жүйесі уақыт талабына ілесе білуі керек. бұл үшін озық оқу орындары керек. Бұл ретте Қазақстан-неміс мектебі үлкен үлгі болар еді. себебі, жастарды үлкен өмірге дайындайтын орын - мектеп", - деді ол.