Асхан Байдуәлиев БАҚ өкілдерімен кездесті

Облыстың бас дәрігері Асхан Байдуәлиев БАҚ өкілдерімен еркін форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін, 23 шілде күні Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев БАҚ өкілдерімен еркін форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Кездесуде БАҚ өкілдері медицина саласындағы жас мамандарға берілетін көмек, ревакцинация жұмыстарын күшейту, өңірдегі дәрі-дәрмек қорының деңгейі, бүгінгі эпидемиологиялық ахуал жалпы медицина саласы бойынша көкейтесті мәселелерді көтерді.

- Денсаулық сақтау басқармасында кадр тапшылығы, мамандардың біліктілігін арттыру, облыс орталығындағы инфрақұрылымның кемшілігі сынды өзекті мәселелер бар. Осы мәселелерді шешу жолында бірқатар міндеттер мен жоспарлар алға қойылды. Оның ішінде, кадр тапшылығын жою бойынша әкімдік тарапынан бөлінетін білім грантының санын арттыру, жаңадан типтік емханалар мен ауруханалар құрылысын бастау, тұрғындарға сапалы әрі қол жетімді медициналық көмекті ұйымдастыру үшін жаңа жоғары технологиялық көмекті енгізу, медициналық көмекті одан әрі жетілдіру және күнделікті мониторинг жасау үшін облыстық және салалық ситуациялық орталықтарын ашу қарастырылған, деді басқарма басшысы.