Бағдарламаның нақты ашылу күнін "Отбасы банк" АҚ хабарлайды.
Krisha.kz жазуынша, "Әскери баспана" тұрғын үй бағдарламасына өтініштер биылғы тамызда қабылданады. Нақты датасы әзірге белгісіз, бірақ құжаттар бір ай ішінде қабылданады.
"Әскери баспана" бойынша келесі шарттармен несиеге алуға болады:
- несие мөлшерлемесі – 8% (СЖТМ 8,3%-дан бастап), кейіннен несие мөлшерлемесі 3,5%-ға дейін төмендейді;
- бастапқы жарна – 15%;
- несиенің максималды сомасы – 45 млн теңге.
Өтінімді Отбасы банкінің hcsbk.kz сайты арқылы беруге болады. Ескере кетерлігі, өтінім тек компьютерден немесе ноутбуктен қабылданады. Ал мобильді нұсқада бұл функция қолжетімді емес. Тұрғын үй төлемдерін алушылар енді смс күтпейді.
Арнайы жеке шот пен салым ашу үшін мына құжаттар керек:
- жеке куәлік;
- тұрғын үй төлемін алушы туралы анықтама (қызмет атқаратын мекемедегі Тұрғын үй комиссиясы береді);
- үшжақты келісімшарт (жұмыс беруші береді).