Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань бағытындағы жолдың бір бөлігін еріген қар суы шайып кетті. «Салдарынан қозғалыс уақытша тоқтады» деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» -дың баспасөз қызметі. «3 сәуір күні сағат 17:30-да республикалық маңызы бар А-27 Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань қаласына дейін) тасжолының 79-шақырымында, Табантал көпірін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін учаскеде еріген қар суына байланысты су тасқыны болды» деп хабарлады "ҚазАвтоЖол". Бірақ, салынып жатқан көпірдің тіректеріне ешқандай зақым келмеген.