Аққыстауда электр желілері жаңартылып, көше шамдары орнатылып жатыр

Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аққыстау ауылының «АТП» мөлтек ауданындағы электр желісі 1975 жылы жүргізілген. Желілер жаңартылмағаннан кейін жарық жиі өшіп, электр қуаты әлсіреп, тұрғындар үшін қолайсыздық тудырып келген.

2021 жылы электр желілерін жаңарту бойынша жоба дайындалған. Биыл тамыз айында жұмыстар басталған еді. Мердігер мекеме “Арай НС” ЖШС ұзындығы 3,5 шақырым желіні жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоба Б.Нысанбаев, Нарын, Келте Нарын, Х.Ерғалиев, Қазақстан, С.Сейфуллин көшелерін қамтиды. Қазір жұмыстардың 65-70%-ы аяқталды.
Сонымен қатар Аққыстау ауылының Темір жол мөлтек ауданында да электр желісі жаңартылды. Аулаішілік жарық орнату жұмыстары аяқталып, мамыр айында іске қосылды. Нәтижесінде екі қабатты тұрғын үйлердегі 146 пәтерге және 10-ға жуық әлеуметтік, кәсіпкерлік нысанға жаңа электр желісі жүргізіліп, аулаішілік 32 дана көше жарық шамы орнатылды.