«Ақ Жайық» қорығының басшысы өрт туралы ақпаратты жоққа шығарды

Спутниктен алынған мәліметтер өрттің «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығы аумағына таралмағанын көрсетті.

Еске салайық, 20 қыркүйекте Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде Атырау қаласына қарасты Кеңөзек ауылдық округінде Каспий теңізінің жағалауына қарай қамыс алқаптары өртенген болатын. Кейін Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті өрттің «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығы аумағына да жайылғаны туралы ақпарат таратты.

Алайда бұл ақпаратты департамент жоққа шығарды. «Өрт болған аумақтың басым бөлігі батпақты аймақ болғандықтан және өрт аймағы қатты түтін болғандықтан кешкі уақытта тілсіз жаудың  аумағын нақты анықтау мүмкін болмады. Бірақ кейін өрттің қорық аумағына таралып үлгермегені белгілі болды. Бұқаралық ақпарат құралдарында шындыққа жанаспайтын ақпарат тарады.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен бірлесіп жүргізілген топографиялық зерттеу өрттің қорық аумағына тимегенін көрсетті.

16 қыркүйек пен 23 қыркүйек аралығында ғарыштан түсірілген суреттер сақталған», - деді «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты табиғи кешендерді қорғау, өсімін молайту және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Ғани Ағибаев.