"Антикор айтқызды!". Рысқалиев айғағынан бас тартты

Атырау облысы мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев Бақытгүл Хаменоваға қатысты келтірген айғағынан бас тартты, деп хабарлайды AtyrauPress.

Кезекті сот отырысындағы жарыссөз кезінде Рысқалиев бұған дейін келтірген айғағын антикор қызметкерлерінің нұсқауымен айтқанын баяндады.


- Олардың айтқанын жасап, соңына дейін әрекет етсем,  куә болып қалатынымды және ешқандай жауапкершілікке тартылмайтыныма сендірді. Сондықтан, солардың нұсқауымен әрекет еттім. Шындығында Адамовтан алған ақша пара емес, демеушілік қаржы болатын, - дейді ол.