"Әмин" деп айтқан атыраулық азаматқа айыппұл салынды

Атыраудағы «Бақтыгерей молла» мешітінде Құптан намазы кезінде имамға ұйыған жамағаттың бірі «әмин» сөзін дауыстап айтты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ол, тіпті, мешіт қызметкерлерінің ескертуіне де құлақ аспай, дөрекілік танытқан.

 «Жамағаттың тыныштығын бұзған азаматтың әрекетін заңсыз деп тапқан Атырау қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты оған айыппұл салды. Яғни, аталған азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 490-бабы 2-тармағында көрсетілгендей, заңды діни қызметке кедергі келтіріп отыр» деді облыстық дін істері басқармасының бас маманы Ерлан Ерғалиев.

Куәгерлердің айтуынша, ол мешітке кіре сала телефон қарап, құбылаға да теріс қараған екен.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ