Амангелді ауылында мектеп құрылысы қайта жанданды

AtyrauPress тілшісінің хабарлауынша, Дамбы ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылында үш жылға тоқтап қалған 300 орындық мектептің құрылысы қайта басталды.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 45 пайызы аяқталған: жылыту жүйелері жүргізіліп, ішкі әрлеу жұмыстары мен су және газ жүйелеріне қосу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды желтоқсан айында тапсыру жоспарланып отыр.

Жобаның жалпы құны – 2,1 млрд теңге. Құрылысты Түркістан облысынан келген «VEK-STROY-COM» ЖШС жүргізуде.

Мадина Серікқызы