Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Азаматтық қорғау туралы» заңының талаптарына, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспар-кестесіне сәйкес Атырау мұнай өңдеу зауытында биыл 1 қазаннан бастап жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізілетін болады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жоспарлы алдын алу жұмыстары – бұл технологиялық қондырғылардың алдағы уақытта да қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету, жабдықтың тұрақты жұмыс істеуін қадағалау және өндіріс тиімділігін арттыру үшін мұнай өңдеу зауытында өткізілетін қалыпты процедура. Жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде АМӨЗ-де технологиялық жабдықтар мен құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық куәландыру, тексеру және сараптау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу жоспарланған.
Сондай-ақ зауыт тоқтаған кезде реакторлық жабдықтың катализаторларын ауыстыру жоспарланған. Жоспарлы алдын алу жұмыстарына 2000-нан астам қызметкер, 70-ке жуық арнайы техника жұмылдырылатын болады.
Жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығындағы тұрақты жағдайын сақтап тұру мақсатында АМӨЗ-де мұнай өнімдерінің бүкіл желісі бойынша жеткілікті қор көлемі жинақталып жатыр. Мұнай өнімдері ҚР Энергетика министрлігінің жеткізу кестесіне сай ішкі нарыққа біркелкі жөнелтілетін болады.
Сонымен қатар, Павлодар мұнай-химия зауыты және Шымкент МӨЗ-і мұнай өнімдерінің өндірісін штаттық режимде жалғастырады.
ҚР Энергетика министрлігінен білгеніміздей, АМӨЗ-дегі кідіріс бензин мен дизель отынының қолжетімділігіне кері әсер ете қоймайды деп сендірді Энергетика министрлігінде. Бөшкелерде жарты миллион тонна дизель мен 330 мың тонна бензин жиналды. Бұл шамамен бір айға жетуі керек. Алайда, жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкету биліктің жоспарын бұзуы мүмкін.
"Қазіргі уақытта "көлеңкелі" экспорт жалғасуда. Бұл туралы ресми мәлімдемелер де болды. Бізде 92-ші бензин 205 теңге тұрады, бұл шекті бөлшек сауда бағасы. Ал көрші елдерде ол 300 теңге және одан жоғары деңгейге жетуі мүмкін. Әрине, бұл отынның түрлі жүйелер арқылы "көлеңкелі" айналымы болады. Айталық, автомобиль, цистерна және басқа да тәсілдер. Өздеріңіз білетіндей, аракідік жерге көмілген импровизацияланған мұнай құбырлары табылып тұрады" дейді ҚР Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңес мүшесі Олжас Байділдинов.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: anpz.kz