АМӨЗ-де не боп жатыр?

Желіде АМӨЗ-ден қара түтін будақтап жатқаны түсірілген әуесқой бейнежазбалар желдей есуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"29 қараша күні сағат 09:57-де Атырау мұнай өңдеу зауытының Naphtha HT (3204 титулы) бензинді гидротазарту қондырғысында бу колоннасының серіппелі сақтандырғыш клапаны іске қосылуы себепті штаттан тыс жағдайлардың алдын алу үшін артық газ алау жүйесіне жіберілгендігін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта қатаң регламентке сәйкес технологиялық процесс тұрақтандырылды. Бұл жағдай қондырғының жұмыс режиміне әсер етпегенін растаймыз, технологиялық процесс штаттық режимде жалғасуда. Қазіргі уақытта зауыт мамандары клапанның іске қосылу себептеріне талдау жүргізуде. Барлық іс-шаралар қолданыстағы нормативтік құжаттар мен өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарының талаптарына сәйкес орындалады. Орын алған оқиғаның себептері мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат барлық қажетті іс-шаралар аяқталғаннан кейін беріледі. Зауыт ашықтыққа, заңнаманы сақтау және жабдықты қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз ету қағидаттарына адалдығын растайды" делінген хабарлмада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ