«Алтын кітапқа» Атыраудан кімдер енді?

Өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуына зор үлес қосып, халықаралық, республикалық байқауларда жеңімпаз атанған талантты жастар «Алтын кітапқа» енді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім еткендей, олар Абылай Құрметұлы, Олжас Сұлтанов, Нұрбол Бижанов, Алтынай Серікбай, Бибінұр Қорған, Дәурен Махимов, Гүлнур Кайрлиева, Ләззат Нұрқызы, Айбол Есенов және Алтынгүл Атабаева.

- Іс-шараның мақсаты өңірдегі жастар саясатын дамытуға үлес қосып жүрген белсенділерді қоғамда кеңінен насихаттап, үлгі ету. Шара облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Ақсұңқар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті, - деді жоба жетекшісі Нұрсұлтан Зиядаев.

Жыл үздіктеріне «Алтын кітапқа» енгені туралы куәлік пен арнайы сыйлықтар табысталды.