Алматылық дәрігерлер жергілікті ақ халаттылар үшін шеберлік сабағын өткізді

Алматыдан келген білікті мамандар Атырау қаласының медицина қызметкерлеріне шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алматыдан «Visiting professor» бағдарламасы аясында келген 4 профессор хирургия, онкология, акушерлік, балалар неврологиясы бойынша  медицина қызметкерлеріне дәрістер оқыды. Аталған іс-шараға 30 медицина қызметкері қатысты.
-Өткізілген семинар-кеңестің аймақ үшін маңыздылығы жоғары. Өйткені мұндай шеберлік сағаттары медицина қызметкерлерінің білімін одан әрі іс жүзінде қолдануына жол ашады. Біз мұндай шеберлік сағатын еліміз бойынша алғаш рет Атырауда өткізіп отырмыз. Алдағы уақытта басқа қалалардың да медицина қызметкерлеріне дәрістер оқуды жоспарлап отырмыз, деді балалар дәрігер-невропатологы Латина Текебаева.
Шеберлік сағатына қатысып, тәжірибесін шыңдаған қала дәрігерлеріне біліктілік арттырғандары туралы сертификат табысталды.