Алматы - Атырау рейсіндегі ұшақтың қозғалтқышына құс кіріп кетті, - деп хабарлайды Аir Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі.
"Бүгін Алматы - Атырау КС877 рейсін орындаған Airbus A320 әуекемесінің ұшудан кейінгі тексеруінде құстың қозғалтқышқа түскені анықталды. Оның іздері табылды. Техникалық жағдайын бағалау үшін бортты пайдалану тоқтатылды. Осыған байланысты Атырау - Алматы КС878 рейсі кешіктіріліп орындалады", - делінген әуекомпаниясының хабарламасында.