"Алмагүл" адам танымастай өзгеріп кетті!

Атыраудағы Алмагүл ықшамауданында 16 көпқабатты үйдің қасбетіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Биыл шілдеде басталған жұмыстар осы жылдың қазанында аяқталмақ. Қалалық әкімдіктен білгеніміздей, бұл жұмысқа үш мердігер мекеме жұмылған. Бұлар – «Ер-Нур Строй и К», «Сенім-2016» және «РимСтройСервис» ЖШС.

Сондай-ақ, «Жайык Сити» серіктестігінің мердігерлігімен Тайманов көшесінде №58 және Құлманов көшесінде №107 үйлердің қасбеті жөнделуде. «100 аула» жобасы аясында мердігерлерге тұрғын үйлердің сырт келбетін сәулет-құрылыс саласының қазіргі заманғы талаптарына сәйкестендіру міндеті қойылған. Бүгінде бұл мәселе қалалық әкімдіктің жіті бақылауында тұр. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ