Алименттен жалтарған шетелдік Атыраудан мас күйде ұсталды

Өз елінде алимент төлеуден жалтарған шетелдік Атыраудан мас күйде ұсталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2 қазан түнгі уақытта қоғамдық орында мас күйде белгісіз ер адам жүргені жөнінде хабарлама түскен. 

«Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері хабарлама бойынша 1984 жылы туған ер адамды анықтады. Жеке басын тексеру кезінде оның халықаралық іздеуде тұрғаны белгілі болды. Шетелдік азамат Өзбекстан елінде алимент төлеуден жалтарғаны үшін іздеуде жүр. Полицейлер оны медициналық сараптамаға жеткізіп, жедел-тергеу тобына тапсырды» дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ