Алғыс айту күні қарсаңында өңірде облыстық Қазақстан халық ассамблиясының ұйымдастыруымен 30-дан астам іс-шара өтті. Бұл туралы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ляззат Джылқышиева баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы ҚХА-ның негізгі жұмыс бағысы ұлт аралық келісімді нығайтып, татулықпен бірлікті сақтау. Осы мақсатта облыс көлемінде түрлі этнос өкілдерінің ұйымдастыруымен алғыс айту күніне қоғамдық-мәдени іс-шаралар өтіп жатыр.
- Этномәдени бірлестік өкілдері өздерінің ұлттық мерекелерін, мәдени күндерін жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтеді. Сондай-ақ бірлестік мүшелері қазақ халқының айтулы мерекелерін де назардан тыс қалдырмай, ерекше ықыласпен тойлайды. Елімізде 2016 жылдан бастап тойланатын алғыс айту күні қарсаңында да этномәдени бірлестік өкілдері бірқатар қайырымды істердің басы-қасында жүреді. Олар ақпанның 20-сы мен наурыздың 5-не дейін көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар жандарға «Қоржын» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып келеді. Акция аясында облыстан 300-ге жуық отбасы қамтылды. Бұл жасалып жатқан ізгі істің соңы емес. Бірлестікпен әртүрлі қайырымдылық акциялары, мерекелік концерттер, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының курс циклы, дәрістер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстарды ұйымдастырып жүрген «Довира» украин, «Тхоньиль» кәріс, «Былина» орыс, «Вайнах» шешен-ингуш, «Светоч-Атырау», «Ахыска» түрік этномәдени бірлестіктері, - деді Л.Джылқышиева.
Сондай-ақ этномәдени бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Надежда Есова «Каспий» Дагестан этномәдени бірлестігінің атқарып жатқан игі ісіне ерекше тоқталып өтті.
- Айтулы мереке қарсаңында қаладағы «Mister Dent» және «Улыбка» тіс емдеу орталықтары 20 ақпан мен 5 наурыз аралығында мүгедектігі бар адамдар мен аз қамтылған отбасы мүшелерінің тісін тегін емдеуде. Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін арнайы құжаттарыңызден «Достық» үйіне келіп тіркеліп, ем алуларыңызға болады,- деді Н.Есова.