Алғабаста автокөлік батпақтан шығарылды

 27 наурыз күні сағат 23:20-да Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округі Алғабас ауылынан шамамен 21 км қашықтықта екі адам көлікпен батпаққа батып, шыға алмай қалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сөйтіп, олар құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Құтқарушылар дереу шақырту орнына жетіп, Жаңаталап ауылынан 3 км қашықтықтан батпаққа батқан Honda автокөлгін анықтады. Олар 1988, және 1990 жылы туған екі адамды эвакуациялады.

«Зардап шеккендер жоқ. Авариялық-құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінен төрт қызметкер мен бір техника жұмылдырылды» делінген департаменттің Қоғаммен байланыс тобы таратқан мәліметте.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ