"Алдандық" деп айқайлаған атыраулықтар шу шығарды (ВИДЕО)

Атыраулық тұрғындар жиһаз шығаратын "Альянс Групп" компаниясына алданып қалғандарын айтты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы "31 арнада" жарық көретін "Информбюро" бағдарламасында айтылды.

“Жәбірленушілер мен "Альянс Групп" атауымен тіркелген жеке кәсіпкердің жауаптары алынуда. Тергеуде мүддесіне сәйкес өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды” дейді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулет.