Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, 8-10 желтоқсан күндері республиканың басым бөлігінде аяздың беті қайтады. Бұл туралы Stan.kz мәлім етті. Қазақстанның басым аумағы суық антициклонның әсерінде болады. Осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз: шығыста, орталықта және оңтүстікте атмосефралық ағымдардың өтуінен қар жауып, бұрқасындатады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында оқта-текте қатты қар жауады.
Бірнеше өңірде біртіндеп аяздың беті қайтады:
батыста түнде -5-15°C дейін, күндіз 0-5°C дейін;
солтүстікте түнде -18-28°C дейін, күндіз 12-17°C дейін;
орталықта және шығыста түнде 22-30°C дейін, күндіз 13-20°C дейін;
оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 13-25°C дейін, күндіз 8-18°C дейін төмендейді.