Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алатыны Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабында бекітілген.
Алайда бүгінгі күні меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішіндегі ең көп таралғаны және қоғамға едәуір қауіптісі ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру және алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену болып отыр.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессер И.Ш.Борчашвили Қазақстан Республикасының Қылмыстық қодексінің баптарына жеке-жеке түсіндірме бергенде, алаяқтықтың қоғамдық қауіптілігі-бұл меншікке ғана емес, сонымен қатар, меншік құқығына қатысты, мемлекетте белгіленген материалдық игіліктерді бөлу процедурасына байланысты меншіктің қоғамдық қатынастарын оның нысандарына қарамастан бұзуында. Алаяқтық жасау салдарынан, бір жағынан, мүліктің иесі немесе мүліктің өзге де иесі немесе мүлік құқығы осы мүлікті немесе мүлікке құқықты жоғалтады, бұл оларға мүліктік залал келтіруге әкеп соғады, ал екінші жағынан-осы мүлікті немесе мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілімен заңсыз иемденіп алған адам, яғни мемлекетте белгіленген материалдық игіліктерді бөлу тәртібінен басқа және соған қарамастан, мүліктің құнына тең сомаға байытылады не мүлікке құқық есебінен тиісті сомаға байытылуға мүмкіндік алады деп түсіндірген.
Сонымен қатар қылмыс объектісі меншік құқығы (қатынасы) болып табылатынын, объективті жағынан алаяқтардың төрт әдісін: - алдау жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру; - сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру; - алдау жолымен бөтеннің мүлкіне құқық алу; - сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкіне құқықты иемденуді ажыратып көрсеткен.
Алаяқтық жолмен қылмыстық құқық бұзушылық жасау әрекеті кем дегенде екі адамның, яғни өтірікші (алаяқ), алданған (жәбірленуші) арасында альтернативті екі түрлі әдіспен жасалуы мүмкін, біріншіден қылмыскер алдау-арбау амалдарын қолданып бөтеннің мүлкін иемденсе, екінші жағдайда басқаның сеніміне кіріп оған тиесілі мүлікке құқықты иемдену арқылы қастық жасайды.
Қазіргі таңда қылмыстық істерді қарайтын Атырау қаласының №2 сотында меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қаралып жатырған қылмыстық істердің ішінде ұрлық басым. Алайда азаматтарды алдап, олардың сеніміне қиянат жасап, алаяқтыққа баратындардан төніп тұрған қауіп те кем емес.
2022 жылдың үш айының қорытындысына тоқталатын болсақ, сот өндірісінде 168 тұлғаға қатысты 130 қылмыстық іс болды. Осы 168 тұлғаның ішінен Қылмыстық кодекстің 190-бабының (бөліктері және тармақтарымен) алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 16 тұлға сотталды. Сотталған 16 тұлғаның 6-ы нәзік жанды әйел адамдар, 6 тұлғаның жоғарғы білімі, 9 тұлғаның орта білімі, 1 тұлғаның арнайы орта білімі бар. Осы тұлғалардың 7-і бас бостандығынан айыру жазасына, қалғандары қылмыстың санатына қарай заңда көзделген баламалы жазаларға сотталған
Енді алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша соңғы 3 жылдың статистикасына көз жүгіртсек:
2019 жылдың 12 айында алаяқтық қылмыстар үшін барлығы 39 тұлға сотталды, сотталған 39 тұлғаның 17-і нәзік жанды әйел адамдар, 11 тұлғаның жоғарғы білімі, 27 тұлғаның орта білімі, 1 тұлғаның аяқталмаған жоғарғы білімі бар. Осы тұлғалардың 13-і бас бостандығынан айыру жазасына, қалғандары қылмыстың санатына қарай заңда көзделген баламалы жазаларға сотталған.
2020 жылдың 12 айында алаяқтық қылмыстар үшін барлығы 64 тұлға сотталды, сотталған 64 тұлғаның 31-і нәзік жанды әйел адамдар, 27 тұлғаның жоғарғы білімі, 34 тұлғаның орта білімі, 3 тұлғаның арнайы орта білімі бар. Осы тұлғалардың 28-і бас бостандығынан айыру жазасына, қалғандары қылмыстың санатына қарай заңда көзделген баламалы жазаларға сотталған.
2021 жылдың 12 айында алаяқтық қылмыстар үшін барлығы 95 тұлға сотталды, сотталған 95 тұлғаның 44-і нәзік жанды әйел адамдар, 48 тұлғаның жоғарғы білімі, 42 тұлғаның орта білімі, 4 тұлғаның арнайы орта білімі бар. Осы тұлғалардың 46-і бас бостандығынан айыру жазасына, қалғандары қылмыстың санатына қарай заңда көзделген баламалы жазаларға сотталған.
Бұл тек қана бір сотта болған статистикалық көрсеткіштен жылдан-жылға алаяқтық қылмыстың кең тарап келе жатырғанын, оның ішінде нәзік жанды әйел адамдардың алаяқтық қылмысқа қатысуының белең алып келе жатырғанын байқаймыз. Ал Республика бойынша бұндай қылмыстардың саны жеткілікті екеніне дау жоқ.
Бұдан ақылдары жетік, белгілі бір білімдері бар, қоғамда не жағдайлар болып жатырғанын, заң талаптарын бұзбауды саналы түрде түсінетін қарапайым адамдарды көреміз. Алайда олар психологиялық тұрғыда қарым-қатынасқа түсу, өзіне қаратып алу қабілеттеріне ие адамдар.
Бүгінгі таңда алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтың кең тараған түрлері, ол мұнай саласы бойынша мекемелерге жұмысқа орналастырамын, мемлекеттік бағдарламалар немесе жеңілдіктер арқылы пәтерлер алып беремін деп, қарапайым азаматтар мен тұрғындардың сеніміне кіріп оңай жолмен ақша табу болып отыр. Сонымен қатар алаяқтықтың түрлері цифрлы технологияларға көшіп, қалың жұртты алаңдатуда.
2002-2003 жылдары Орал қалалық сотында судья болып жұмыс жасап жүргенімде, таныс емес адамнан сөйлесіп алайын деп телефонын сұрап алып, артынша оның көзін ала бере ізін суытып кететін жағдайларға байланысты қылмыстық істер сотта жиі қаралатын. Ол кездері ұялы телефондар көптеген адамдардың қолы жете бермейтін дүние еді. Қазіргі кезде телефон арқылы жасалатын алаяқтық қылмыс кең қанат жайып келеді. Солардың бірі алаяқтардың жәбірленушілермен тікелей қатынасқа түспей, өздерінің ұялы телефондарының есеп-шоттарына халыққа қызмет көрсету терминалдары арқылы ақша қаражаттарын аударту көп тараған.
Өзімнің өндірісімде болып қаралған қылмыстық істер бойынша мысал келтіретін болсам, М. атты еш жерде жұмыс жасамайтын, бұрын бірнеше рет алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттылы болған тұлға ақпараттық жүйені пайдаланып «ОЛХ» сайтына Атырау қаласы, Тенгиз Шевройл компаниясының күзет агенттігіне жұмысқа орналастырып беремін деп жалған жарнама шығарып, оның ұялы телефонына хабарласқан жұмыс іздеушілерге өзін жалған атпен таныстырып, Тенгиз Шевройл компаниясында қызмет атқаратындығын жалған айтып алдап, жәбірленушілердің сеніміне кіріп, оларды жұмысқа орналастырып беру үшін алғашқы жарнама ретінде 50.000 теңгеден өзінің атына тіркелген «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның банкомат кәртішкісіне аудартып, жеті бірдей жәбірленушілерге әр-түрлі мөлшердегі сомада мүліктік зиян келтірген. Бұл жерде таңғалатын жағдай барлық жәбірленушілер басқа қалаларда, елді-мекендерде тұрады, жұмыс ұсынушының түрін де көрмеген және танымайды, оның нақты қай жерде қандай қызмет атқаратынын жіті білмейді, дегенмен оған сеніп жұмысқа орналастырып береді деген сеніммен танымайтын белгісіз адамның шотына ақша қаражаттарын аударып, кейіннен әр қала мен елді-мекендерден жұмысқа тұрамыз деп Атырау қаласына келгенде алданғандарын бір-ақ білген.
Ел арасында тегін ірімшік тышқан тұзағында болады деген ұғым бар, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдікпен пәтер алудың жолдары заңмен бекітілген. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, күнделікті теледидардан беріліп жатқан жаңалықтарда жиі айтылады. Дейтұрғанмен көптеген азаматтар мемлекеттік бағдарламалармен пәтер алу үшін сол жеңілдіктер ұсынылатын категорияда болу керек екеніне көздері жетіп тұрсада, алдап-арбауға сеніп арзан бағамен пәтер алып қалармын деген жалған сеніммен, пәтер алу үшін тірнектеп жиған қаражаттарынан айырылып, алаяқтарға жем болып, алаяқтың жеңілдікпен алып беремін деп уәде берген пәтерін ала алмай не болмаса ақша қаражаттарын қайтара алмай, шарасыздықтың күйін кешіп жүргендері белгілі.
Мысалы 2022 жылдың 3 айында қаралған алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық туралы 16 тұлғаға қатысты қылмыстық істің басым көпшілігі мемлекеттік бағдарламалар немесе жеңілдіктер арқылы пәтерлер алып беруге байланысты.
Бұрын алаяқтық қылмыс үшін оның ішінде жеңілдікпен пәтер алып беруге байланысты бірнеше рет соттылығы болған, жанұялы, ешжерде жұмыс жасамайтын А. есімді азаматша 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 2020 жылдың желтоқсан айының аралығында өзінің меншігінде сатылатын пәтері жоқ бола тұра және басқа жеңілдікпен пәтер алып беретін мүмкіндігі болмаса да бір іс бойынша 12 жәбірленушінің сеніміне кіріп оларға жалпы 57.265.000 теңгеге мүліктік залал келтірген. Жәбірленушілердің арасында жақын таныстары, күнделікті өзімен жақын араласып, керек кезінде ақшалай көмек жасап, өзінің жеке меншік пәтерін кепілге қойып үлкен сомада несие алуға көмектескен құдайы көршісі, ең сорақысы бір атадан тараған жақын сіңілісі де болған. Кейбір жәбірленушілерге өзінің жалға алған пәтерлерін құжаттарын кейін рәсімдеп беремін деп алдап сатып жіберген, кейбір жәбірленушілерге жаңадан салынып болып жатырған басқа біреулерге сатылып кеткен пәтерлерді көрсетіп алдап сатып жіберген. Нәтижесінде бұл жәбірленушілер алған пәтерлеріне жөндеу жұмыстарын және туыстарын шақырып қоныс той жасап қосымша шығынға ұшыраған.
Бұл жерде алаяқтардың жеке басының өзіндік айырмашылықтарын ескерген жөн, олар негізінен еш жерде жұмыс істемейді және олардың тұрақты пайда көздері болмайды, сөйлесу барысында өздерінің алдап-арбау, адамды сендіру қабілеттерін ұтымды пайдалана біледі.
Ақпараттық құралдар арқылы бұндай қылмыстардың етек алуы күнделікті түсіндіріліп жатсада, алаяақтарға бүгінде елімізде көп адамдар алданып қалып жатады. Сондықтан қандай да бір нәрсенің байыбына көз жеткізбей асығыс шешім қабылдаудан сақ болайық. Осы жерде «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақалды үнемі есте ұстағанымыз абзал.

Мирамбек Нағашыбаев,
Атырау облысы Атырау қаласының №2 сотының төрағасы